Город Тараз: информационный портал Город Тараз: информационный портал
А

Анипа

0
Репутация
0
Рейтинг
0
Анипа Анипа Управление архитектуры и градостроительства акимата Жамбылской области 1 год назад

Баяғы сол Сәмен Дәненұлы бұрылысы. Қызыл сызықтан асырып, көшені тықсырып қора салуға көз үйреніп еді. Енді су жүретін бұрынғы арықты баса — көктеп үй салу басталып кетті. Бұрылыс жолы онысыз да тар. Бір машина ғана өте алады. Мына суретте нөмірі 13 үйдің қабырғасы анау бұрынғы қорадан көшеге қарай 1,5 м асып тұр. Қалалық әкімдік қайда қарап отыр? Бүгін тіпті кірпіштер қаланып қапты. Ескертілді. Құжаттарын заңды деп айтқан дейді қожайыны.

Бұл қалай?

    Сәмен Дәненұлы бұрылысының тұрғындары мынаны талап етеміз:

     онысыз да тар бұрылысты қызыл сызықтың бер жағына үй қабырғасын тұрғызып, қоршау тартып тарылтуды қаламаймыз. Өйткені — жол үстінде орналасқан. Балалар ойнайды, тұрғындар жаяу жүреді.

    Бір ғана машина өте алатын жол үстінде жаяу жүргіншіге орын қалмайды.

     Жол бойындағы су жүретін арықтар мен астаулар қалпына келтірілсін.

    Жолдың екі  жиегіндегі заңсыз құрылыстар тексерілсін.

     Әкімдік сәйкес қызмет түрлері бойынша құрылысқа рұқсат берерде және Жұмысшы Жоба құрастыру алдында ҚР көшелер мен бұрылыстардағы жол бойы қызыл сызықтарға қатысты нормативтік талаптар басшылыққа алынсын.

0
Анипа Анипа Отдел архитектуры и градостроительства акимата г. Тараза 1 год назад

Баяғы сол Сәмен Дәненұлы бұрылысы. Қызыл сызықтан асырып, көшені тықсырып қора салуға көз үйреніп еді. Енді су жүретін бұрынғы арықты баса — көктеп үй салу басталып кетті. Бұрылыс жолы онысыз да тар. Бір машина ғана өте алады. Мына суретте нөмірі 13 үйдің қабырғасы анау бұрынғы қорадан көшеге қарай 1,5 м асып тұр. Қалалық әкімдік қайда қарап отыр? Бүгін тіпті кірпіштер қаланып қапты. Ескертілді. Жоба құжаттарын заңды деп айтқан дейді рас болса. Қандай нормативке негізделген құжат ол?

Бұл қалай?

Біз, тұрғындар, мынаны талап етеміз:

   Онысыз да тар бұрылыста жол бойының екі жағындағы қызыл сызықтан асырып үй тұрғызып, қоршау тартып тарылтуды қаламаймыз. Өйткені — жол үстінде орналасқан. Балалар ойнайды, тұрғындар жаяу жүреді.

      Бұрылыстық көшенің екі жағындағы су жүретін арықтар мен астаулар қалпына келтірілсін.

      Жол жиегіндегі заңсыз құрылыстар тексеріліп, алынып тасталсын. Бұрылыс ені тар екені ескерілсін.

    Жол бойындағы қоршау, құрылыс салуды жобаларда және рұқсат беруде қалалық және облыстық сәулеттік құрылыс басқармасы ҚР Құрылыс сәулет нормативтерін ескерсін.

0
Анипа Анипа Отдел архитектуры и градостроительства акимата г. Тараза 1 год назад

Сәмен Дәненұлы бұрылысында жолдың бойында қызыл сызыққа үй салынуда. Нөмірі 13. Жедел тексерсеңіздер.